HP жабдығына дүниежүзілік шектеулі кепілдік және техникалық қолдау көрсету

1

HP жабдығына шектеулі кепілдік

Шектеулі кепілдік мерзімі

Осы HP жабдығына шектеулі кепілдік сізге, яғни тұтынушыға, HP компаниясынан, яғни өндірушіден, өнім сипаттамасы берілген бетте және/немесе өніммен бірге берілген НР жабдығына шектеулі кепілдік мәлімдемесінде көрсетілген мерзім аралығына тікелей шектеулі кепілдік құқықтарын береді. HP компаниясы 90 күндік телефон арқылы тегін шектеулі техникалық қолдауды ешқандай ақысыз ұсына алады. Сондықтан басқа қолдау көрсету әдістері - атап айтқанда әңгімелесу, HP қолдау орталығының веб-сайты немесе HP аралық сатушысына не НР өкілетті қызмет провайдеріне хабарласу осы НР шектеулі кепілдігінің бүкіл мерзімі барысында ақысыз қолжетімді болғанымен, HP телефон арқылы қолдау көрсету қызметі үшін қосымша ақы талап етілуі мүмкін. Қолданылатын өнімдер үшін өнім сипаттамасының бетін және/немесе өніммен бірге берілген НР шектеулі кепілдік мәлімдемесін қараңыз.

2

Жалпы шарттар

Осы НР шектеулі кепілдігі сізге, яғни түпкілікті тұтынушыға, НР компаниясынан, яғни өндірушіден тікелей шектеулі кепілдік құқықтарын береді. Шектеулі кепілдік артықшылықтарының толық сипаттамасын НР веб-сайтынан қараңыз. НР компаниясымен жеке жазбаша келісім болған жағдайда, сізде сондай-ақ осы НР шектеулі кепілдігі қамтымайтын, шектемейтін немесе күшін уақытша тоқтатпайтын басқа заңды құқықтарыңыз болуы мүмкін. Құқықтарыңызға қатысты толығырақ ақпарат алу үшін, осы кепілдік артындағы "Елдер бойынша шарттарды" (қолданылса) қараңыз.


Осы НР шектеулі кепілдігі тек HP Inc, оның дүние жүзі бойынша филиалдары (осы НР шектеулі кепілдігінде бірлесіп "НР" деп аталады), қосылма тұлғалары, өкілетті аралық сатушылары, өкілетті дистрибьюторлары немесе мемлекеттік дистрибьюторлар осы НР шектеулі кепілдігімен бірге қосып сатқан немесе жалға берген НР басып шығару қосалқы жабдықтарымен қоса (осы НР шектеулі кепілдігінде бірлесіп "НР аппараттық өнімдері" деп аталады) ешбір шектеусіз, НР маркалы және Compaq маркалы жабдық өнімдеріне қолданылады. "НР аппараттық өнімі" ұғымы жабдық құрамдастары және міндетті микробағдарламалармен шектеледі. "НР аппараттық өніміне" бағдарламалық қолданбалар немесе бағдарламалар, НР өндірмеген өнімдер немесе НР маркалы емес перифериялық құрылғылар КІРМЕЙДІ. Заңмен рұқсат етілген шекте НР аппараттық өнімінен тыс барлық НР өндірмеген өнімдер немесе НР маркалы емес перифериялық құрылғылар - мысалы, сыртқы сақтау ішкі жүйелері, дисплейлері, принтерлері және басқа перифериялық құрылғылар "бар күйінде" беріледі және осы НР шектеулі кепілдігімен қарастырылмайды. Дегенмен НР емес өндірушілер мен жабдықтаушылар немесе баспалар тікелей өзіңізге жеке кепілдіктерін ұсынуы мүмкін. Осы НР шектеулі кепілдігімен қарастырылмайтын НР маркалы перифериялық құрылғы немесе басқа НР маркалы өнім де нақты бір НР маркалы перифериялық құрылғы немесе өнімге НР шектеулі кепілдікте қамтылуы мүмкін. Құқықтарыңыз мен міндеттеріңізді анықтау үшін, аталған өнімнің НР шектеулі кепілдігін қараңыз.


Егер сіз, яғни түпкілікті тұтынушы, шектеулі кепілдік мерзімі барысында HP компаниясына HP аппараттық өніміңіздегі ақаулық туралы ескертсеңіз, НР компаниясы шектеулі кепілдік мерзімі барысында материалдарында немесе жасалуында ақаулық анықталған НР аппараттық өнімін өз таңдауынша жөндейтініне, ауыстырып беретініне немесе залалды өтейтініне жергілікті заңмен рұқсат етілген шекте кепілдік береді. Осы НР шектеулі кепілді шарты бойынша НР компаниясының материалдарында немесе жасалуында ақаулық анықталған НР аппараттық өнімін өз таңдауынша жөндеу, ауыстыру немесе өтемақыны төлеу міндеті шектеулі кепілдік мерзімі аяқталғанда күшін жояды.


Шектеулі кепілдік мерзімі НР компаниясынан сатып алу не жалға беру күннің немесе НР компаниясы не қолданылса, НР өкілетті қызмет провайдері орнатуды аяқтағаннан күннің ішіндегі ең соңғы күннен басталады. НР компаниясы немесе өкілетті аралық сатушы басқаша жазу керектігі туралы хабарламайынша, НР аппараттық өнімін сатып алу немесе жалға беру күнін көрсететін күні белгіленген сату немесе тауарды алу туралы қолхат сіз үшін сатып алу немесе жалға алу күнінің дәлелі болып табылады. Кепілдік бойынша қызметке ие болудың шарты ретінде сізден сатып алу немесе жалға алу дәлелін қамтамасыз ету талап етілуі мүмкін. Осында көрсетілген кепілідк бойынша қызмет кепілдік ұсыныстарының негізгі деңгейін бейнелейді. Негізгі кепілдікке жетілдірулер НР аппараттық өніміңізбен бірге қамтылуы мүмкін. Ағымдағы кепілді туралы ақпаратты алу үшін, HP компаниясына хабарласыңыз немесе HP.com веб-сайтына өтіңіз. НР сиялы картриджері үшін кепілдік күші НР сиясы таусылмайынша немесе "Кепілдік мерзімінің соңғы күні" келмейінше (қайсысы бірінші орын алса, сол күн қарастырылады) созылады. НР басып шығару бастары үшін кепілдік күші "епілдік мерзімінің соңғы күні" келмейінше немесе кепілдік бойынша пайдалану шегіне жетпейінше қайсысы бірінші орын алса, сол күн қарастырылады) сощылады. HP LaserJet басып шығару картридждері үшін кепілді күші кепілдік бойынша пайдалану шегіне жетпейінше созылады.


Кейбір аймақтар мен елдерде төмендегідей ерекшеліктер мен шектеулерге рұқсат етілмейді, сондықтан ондай ерекшеліктер мен шектеулерді сізге қатысты қолдану шектелуі мүмкін.


HP КОМПАНИЯСЫ ЖАЗБАША ТҮРДЕ БОЛСЫН, АУЫЗША ТҮРДЕ БОЛСЫН, ЕШҚАНДАЙ ТІКЕЛЕЙ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ НЕМЕСЕ ШАРТ ҚОЙМАЙДЫ ЖӘНЕ НР КОМПАНИЯСЫ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ШЕКТЕ ОСЫ НР ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІГІНДЕ БЕРІЛМЕГЕН КЕПІЛДІКТЕР МЕН ШАРТТАРДЫҢ БАРЛЫҒЫН ТІКЕЛЕЙ МОЙЫНДАМАЙДЫ. АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНАН ТЫС ЗАҢ ҚҰЗЫРЕТІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢЫМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ЖАҒДАЙДА НР КОМПАНИЯСЫ САТУҒА ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕН НАҚТЫ МАҚСАТҚА СӘЙКЕСТІК ҮШІН КЕЗ КЕЛГЕН ҰЙҒАРЫНДЫ КЕПІЛДІКТЕРМЕН ҚОСА, БАРЛЫҚ ҰЙҒАРЫНДЫ КЕПІЛДІКТЕР НЕМЕСЕ ШАРТТАРДЫ МОЙЫНДАМАЙДЫ. АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДА ОРЫН АЛАТЫН БАРЛЫҚ ТРАНЗАКЦИЯЛАР ҮШІН САТУҒА ЖАРАМДЫЛЫҚ, САПА НЕМЕСЕ НАҚТЫ МАҚСАТҚА СӘЙКЕСТІК БОЙЫНША КЕЗ КЕЛГЕН ҰЙҒАРЫНДЫ КЕПІЛДІК НЕМЕСЕ ШАРТ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ТІКЕЛЕЙ КЕПІЛДІК МЕРЗІМІМЕН ШЕКТЕЛЕДІ. КЕЙБІР АЙМАҚТАР МЕН ЕЛДЕРДЕ ҰЙҒАРЫНДЫ КЕПІЛДІК НЕМЕСЕ ШАРТ МЕРЗІМІНІҢ ҰЗАҚТЫҒЫН ШЕКТЕУГЕ НЕМЕСЕ ТҰТЫНУШЫ ӨНІМДЕРІНІҢ КЕЗДЕЙСОҚ НЕМЕСЕ САЛДАР РЕТІНДЕ ЗАҚЫМДАЛУЫН ҚОСА ЕСЕПТЕГЕНДЕ, НАҚТЫ БІР ЗАҚЫМ ТҮРЛЕРІН ҚОСПАУҒА НЕМЕСЕ ШЕКТЕУГЕ РҰҚСАТ БЕРІЛМЕЙДІ. МҰНДАЙ АЙМАҚТАР МЕН ЕЛДЕРДЕ ОСЫ НР ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІГІНІҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰҚЫҚТАРДАН БАС ТАРТУ НЕМЕСЕ ШЕКТЕУЛЕР СІЗГЕ ҚАТЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛМАУЫ МҮМКІН. ОСЫ НР ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІГІ НЕМЕСЕ ОНЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН БӨЛІГІ ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢҒА ҚАЙШЫ КЕЛГЕН ЖАҒДАЙДА, ОСЫ НР ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІГІ НЕМЕСЕ СӘЙКЕС БӨЛІГІ АТАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢҒА СӘЙКЕС КЕЛЕТІНДЕЙ ЕТІП ӨЗГЕРТІЛДІ ДЕП САНАЛАДЫ. ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ, АВСТРАЛИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯМЕН ҚОСА, БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ, ТҰТЫНУШЫ ТРАНЗАКЦИЯЛАРЫ ҮШІН ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕННЕН БАСҚА ОСЫ МӘЛІМДЕМЕДЕ БЕРІЛГЕН ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ ОСЫ НР АППАРАТТЫҚ ӨНІМІН СІЗГЕ САТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРДЫ АЛЫП ТАСТАМАЙДЫ, ШЕКТЕМЕЙДІ ЖӘНЕ ӨЗГЕРТПЕЙДІ, ТЕК ҚОСЫМША РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ.


Осы НР шектеулі кепілдігі барлық елдерде қолданылады және НР компаниясы немесе өкілетті қызмет провайдерлері осы НР шектеулі кепілдігінде жоғары аталған мерзімдер мен шарттарда қарастырылған бірдей өнім үлгісінің нөміріне кепілдік бойынша қызметті ұсынатын кез келген елде немесе аймақта мәжбүрлеп қолданылуы мүмкін. Осы НР шектеулі кепілдігі қолданыстағы барлық экспорттау және импорттау туралы ұлттық заңдар мен ережелерге бағынады. Осы НР шектеулі кепілдігі негізінде бір елде немесе аймақта сатып алынған НР аппараттық өнімін НР компаниясы немесе өкілетті қызмет провайдері бірдей өнім үлгісінің нөмірлеріне кепілдік бойынша қызметті ұсынатын басқа елге немесе аймаққа тасымалдауға болады. Кепілдік шарттары, қызмет көрсетудің қолжетімділігі және қызмет көрсету орталығының жауап беру уақыттары әр елде немесе аймақта әртүрлі болуы мүмкін. Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығының стандартты жауап беру уақыты жергілікті бөлшектердің қолжетімділігі есебінен өзгеруі мүмкін. Егер бөлшектер қолжетімді болмаған жағдайда, НР өкілетті қызмет провайдері толық мәліметтерді бере алады. НР компаниясы осы НР аппараттық өнімін ол қызмет етуге ешқашан арналмаған елде пайдалану үшін пішінін, өлшемін немесе жұмыс істеуін өзгертпейді. НР компаниясы өнімдерді тасымалдау кезінде алынуы мүмкін кедендік тарифтер мен баждар үшін жауапты емес. Өнімдерді тасымалдау әр түрлі үкіметтер шығарған экспорттау мен импорттау туралы қолданыстағы барлық заңдар, ережелер және бақылауларда қарастырылуы және соларға бағынуы мүмкін.


Импортталған өнімдер үшін кепілдік бойынша қызметтердің жергілікті импортшы тарапынан қамтамасыз етілу керектігі қолданыстағы заңмен белгіленген немесе импортталған өнімдер үшін кепілдік бойынша қызметтер өндіруші тарапынан қамтамасыз етілу керектігі қолданыстағы заңмен міндетті ретінде белгіленбеген елдер мен аймақтардағы НР өнімдері үшін барлық кепілдік бойынша қызметтер НР компаниясымен емес, НР компаниясы немесе оның жергілікті қосылма тұлғасы тарапынан өнімдерді импорттауға және кепілдік бойынша қызметтерді НР компаниясына бағыттауға арнайы рұқсат берілген жергілікті импортшыны қоспағанда, тек импортшымен көрсетіледі.


Шектеулі кепілдік мерзімі барысында материалдарында және жасалуында ақаулықтың анықтаулына байланысты НР аппараттық өнімін жөндеу қажет болса, осы құжаттың мерзімдері мен шарттарына сәйкес сіздің жабдыққа кепілдік бойынша қызметті пайдалануға құқығыңыз бар. Егер шектеулі кепілдік мерзімі барысында НР компаниясы сізден, яғни түпкілікті тұтынушыдан, материалдарында немесе жасалуында ақаулықтың анықталуы туралы хабарландыруды алған жағдайда, НР компаниясы шектеулі кепілді мерзімі барысында осындай ақаулық анықталған кез келген құрамдасты немесе аппараттық өнімді өз таңдауынша жөндейді немесе ауыстырып береді. Басқаша көрсетілмесе және жергілікті заңмен рұқсат етілген шекте жаңа НР аппараттық өнімдері жаңа материалдардан немесе өнімділігі мен сенімділігі жаңасымен функционалдық тұрғыдан бірдей болатын пайдаланылған материалдардан өндірілуі мүмкін. Жергілікті заңға сәйкес келген жағдайда (a) жөндеуге берілген HP аппараттық өнімдері жөнделудің орнына, түрі бірдей қалпына келтірілген НР аппараттық өнімдерімен ауыстырылуы мүмкін және (b) НР аппараттық өнімдерін жөндеу үшін қалпына келтірілген бөлшектер пайдаланылуы мүмкін. (c) ауыстырылған немесе жөнделген НР аппараттық өнімдері өнімділігі мен сенімділігі жағынан өндірістен шығарылған бастапқы өнімдермен функционалдық тұрғыдан бірдей болады. Жергілікті заңмен басқаша тікелей талап етілмейінше, осы ауыстырылған немесе жөнделген НР аппараттық өнімдері немесе бөлшектерінде (1) оларды жөндегеннен және/немесе ауыстырғаннан кейін тоқсан (90) күннің ішінде немесе (2) олар ауыстырылған немесе орнатылған НР аппараттық өніміне шектеулі кепілдік мерзімінің қалған уақыты барысында материалдарында немесе жасалуында ақаулық анықталса, НР компаниясы осы НР аппараттық өнімдерін немесе бөлшектерін қайтадан жөндеп не ауыстырып беретініне кепілді береді.


Осы НР шектеулі кепілдік негізінде алынған барлық құрамдас бөлшектер немесе аппараттық өнімдер қолданыстағы жергілікті заңмен басқаша белгіленбейінше, НР компаниясының меншігіне өтеді. НР аппараттық өнімдерінде ақаулық қайталана береді немесе НР компаниясы НР аппараттық өнімін жөндей немесе ауыстыра алмайтынын анықтады деген екіталай жағдайларда НР компаниясы өз таңдауынша сізге (a) НР компаниясы таңдаған, НР аппараттық өніміңізбен бірдей немесе өнімділігі бойынша функционалдық тұрғыдан ұқсас болатын ауыстырмалы жабдықты ұсынуы мүмкін немесе (b) ауыстырудың орнына залалды өтеуі немесе сатып алу бағасына немесе жалгерлік төлемдерге (пайыздық мөлшерлемесін азайтып) жеңілдік беруі мүмкін. Жергілікті заңмен рұқсат етілген шекте бұл ақауланған өнімдер үшін өтемақы алу құқығының жалғыз құралы болып табылады.


Кейбір аймақтар мен елдерде жоғарыда аталған ерекшеліктер мен шектеулерге рұқсат етілмейді, сондықтан ондай ерекшеліктер мен шектеулерді сізге қатысты қолдану шектелуі мүмкін.


Келісім, деликт, құқықтық норма, алдау негізінде болсын, басқа құқықтық теория негізінде болсын, осы НР шектеулі кепілдігінен немесе осы НР шектеулі кепілдікте қарастырылатын НР аппараттық өнімдерін сатып алуыңызға қатысты туындайтын даулар құқықтық нормалар қайшылығын қоспағанда сіз тұрып жатқан ел, аймақ, облыс немесе аудан заңымен реттеледі.


3

Ерекшеліктер

НР КОМПАНИЯСЫ ОСЫ НР АППАРАТТЫҚ ӨНІМІНІҢ ТОЛАССЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНІНЕ ЖӘНЕ ҚАТЕЛЕРДІҢ БОЛМАЙТЫНЫНА КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. НР КОМПАНИЯСЫ НР АППАРАТТЫҚ ӨНІМІНЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛАРДЫ ОРЫНДАМАУ САЛДАРЫНА ОРЫН АЛҒАН ЗАҚЫМ ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.


Осы НР шектеулі кепілдігі төменде көрсетілгендей НР басып шығару қосалқы жабдықтары мен белгіленген қайта зарядталатын батареяларды қоспағанда, бір реттік қолдануға арналған және шығыс бөлшектеріне қолданылмайды және күші сериялық нөмірі өшірілген немесе төмендегідей себептермен зақымдалған не ақауы бар сияқты көрінген кез келген НР аппараттық өніміне таралмайды:

  • кездейсоқ оқиға, орынсыз пайдалану, сұйықтықтың төгілуі, заңсыз пайдалану, ластану, дұрыс емес немесе орынсыз техникалық қызмет көрсету не калибрлеу немесе басқа сыртқы себептер салдарынан;
  • НР аппараттық өнімімен бірге жеткізілген пайаланушы құжаттамасында мәлімделген пайдалану параметрлерін тыс пайдалану арқылы;
  • НР компаниясы жабдықтамаған бағдарламалық жасақтама, интерфейс, бөлшектер немесе қосалқы жабдықтар есебінен;
  • орынды дұрыс дайындамау, НР өнімінің орын сипаттамаларына сәйкес келмейтін техникалық қызмет көрсету және қоршаған орта жағдайлары арқылы;
  • тасымалдау кезіндегі зиян немесе зақым есебінен;
  • НР компаниясы немесе НР өкілетті қызмет провайдерінен басқа тұлғамен өзгерту не қызмет көрсету есебінен;
  • қызмет көрсету елінде не аймағында НР аппараттық өнімі үшін қолжетімді болған жағдайда, түпкілікті тұтынушы ауыстыра алатын НР бөлшектерін немесе НР мақұлдаған бөлшектерді дұрыс орнатпау есебінен.

    НР компаниясынан жетізілгеннен кейін жұмыс жылдамдығының күшейтілгені анықталған кез келген НР аппараттық өнімі зақым не ақаулықтың жұмыс жылдамдығын күшейтуге қатысты болмағаны анықталған зақымдалған немесе ақауланған құрамдастарды қоспағанда, осы шектеулі кеплдік шарттарынан алынып тасталады.


    HP компаниясы мынадай жағдайларда туындауы мүмкін өзара әрекеттестік қабілетіне немесе үйлесімділікке қатысты мәселелер үшін жауап бермейді:

    • НР компаниясы қолдау көрсетпейтін өнімдер, бағдарламалық жасақтамалар немесе опциялар пайдаланылғанда;
    • НР компаниясы қолдау көрсетпейтін конфигурациялар пайдаланылғанда;
    • бір жүйеге арналған бөлшектер түрі не үлгісі басқа жүйеге орнатылғанда.

    ЫҚТИМАЛ АҚАУЛЫҚТАР, ДЕРЕКТЕРДІҢ ӨЗГЕРУІ НЕМЕСЕ ЖОҒАЛУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША САҚТЫҚ ШАРА РЕТІНДЕ ҚАТТЫ ДИСКІДЕ НЕМЕСЕ БАСҚА САҚТАУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНДА САҚТАЛҒАН ДЕРЕКТЕРДІҢ РЕЗЕРВТІК КӨШІРМЕЛЕРІН МЕРЗІМДІ ТҮРДЕ ЖАСАП ОТЫРҒАНЫҢЫЗ ЖӨН. ҚАНДАЙ ДА БІР НР АППАРАТТЫҚ ӨНІМІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҮШІН ҚАЙТАРАР КЕЗДЕ, ДЕРЕКТЕРДІҢ РЕЗЕВРТІК КӨШІРМЕСІН ЖАСАП АЛЫП, БАРЛЫҚ ҚҰПИЯ, КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН НЕМЕСЕ ЖЕКЕ АҚПАРАТТЫ ЖОЙЫҢЫЗ. ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ШЕКТЕ НР КОМПАНИЯСЫ КЕЗ КЕЛГЕН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ, ДЕРЕКТЕРДІҢ НЕМЕСЕ АЛЫНБАЛЫ САҚТАУ ҚҰРАЛЫНЫҢ ЗАҚЫМДАЛУЫНА НЕМЕСЕ ЖОҒАЛУЫНА ЖАУАПТЫ ЕМЕС. ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ШЕКТЕ НР КОМПАНИЯСЫ НР АППАРАТТЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛГЕН КЕЗДЕ КЕЗ КЕЛГЕН ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЖАҢАРТУЛАРДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ОРНАТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАДАН БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ НЕМЕСЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ НЕМЕСЕ ҚАЙТА ОРНАТУ ҮШІН ЖАУАПТЫ ЕМЕС. ЖӨНДЕУ КЕЗІНДЕ ЖАДТАҒЫ ДЕРЕКТЕР ЖОҒАЛУЫ МҮМКІН.


4

Өнімге қатысты ерекшеліктер

Қайта зарядталатын батареялар

Осы НР аппараттық өнімінде пайдаланушы ашуға рұқсат етілмейтін және НР компаниясы немесе НР өкілетті қызмет провайдері ауыстыруы тиіс қайта зарядталатын ішкі батарея қамтылуы мүмкін. Қайта зарядталатын ішкі батарея осы шектеулі кепілдікте НР аппараттық өнімінің стандартты құрамдасы ретінде қарастырылады және осы НР шектеулі кепілдігінде басқаша көрсетілмейінше, бірдей уақыт мерзімі шегінде қарастырылады.


Осы НР аппараттық өнімінде пайдаланушы алып, ауыстыруға арналған қайта зарядталатын батарея қамтылуы мүмкін. Батарея орнатылған НР аппараттық өнімін сатып алу күнінен бастап бір (1) жыл ішінде батарея материалдарында немесе жасалуында ақаулық анықталса, осы НР шектеулі кепілдігінде басқаша көрсетілмейінше, НР компаниясы ауыстырмалы батареяны беретіндігіне кепілдік береді.


Барлық батареялардағыдай НР аппараттық өнімінде қамтылған кез келген батареяның максималды қуаттылығы уақыт өткен сайын немесе пайдаланған сайын аза береді және батареяның заряды таусылғанға дейінгі қызмет ету уақыты өнім үлгісіне, конфигурациясына, жүктелген қолданбаларға, мүмкіндіктерге, пайдаланылуына, сымсыз қосылым функцияларына және қуатты басқару параметрлеріне байланысты түрленеді. Сәйкесінше, максималды батарея қуаттылығының немесе батареяның заряды таусылғанға дейінгі қызмет ету уақытының азаюы материалдардың немесе жасалуындағы ақаулық болып табылмайды және осы НР шектеулі кепілдігінің батарея қуаттылығындағы немесе батареяның заряды таусылғанға дейінгі қызмет ету уақытындағы өзгерістерге таралмайды. Жергілікті заңмен рұқсат етілген шекте осы НР шектеулі кепілдігінде басқаша көрсетілмейінше, батареяға тек жоғарыда көрсетілгендей батареяға шектеулі кепілдік мерзімі барысында немесе батареяның заряды таусылғанға дейінгі қызмет ету уақыты батареяның номиналды цикл есебінен асқан жағдайда (қайсысы бірінші орын алса, сол мерзім қарастырылады), материалдары немесе жасалуында ақаулықтың анықталуына қарсы кепілдік беріледі. Батареяға кепілдікпен қарастырылған қатенің бар-жоғын анықтау үшін, сізден НР диагностикалық сынағын орындау талап етілуі мүмкін.


HP басып шығару өнімдері

НР өндірмеген немесе қайта толтырылған картриджді пайдалану түпкілікті тұтынушыға берілетін НР шектеулі кепілдігіне де, принтер бойынша түпкілікті тұтынушымен жасалған НР қолдау көрсету келісіміне де әсер етпейді. Алайда принтердің немесе басып шығару басының қатесі НР өндірмеген немесе қайта толтырылған картриджді пайдалану есебінен туындаса, НР компаниясы принтерді нақты ақаулық не зақымнан жөндеу үшін кеткен стандартты уақыт пен материал шығындары немесе басып шығару басын ауыстыру құны үшін ақы алады. HP сиялы картридждері мен қосалқы жабдықтары және HP LaserJet қосалқы жабдықтары үшін осы НР шектеулі кепілдігі осы НР шектеулі кепілдігінде сипатталған басқа ерекшеліктермен қоса, қандай да бір жолмен қайта толтырылған, қалпына келтірілген, қайта өндірілген немесе қолдан жасалған өнімдерге қолданылмайды. Бұл НР шектеулі кепілдігі НР сиялы картридждеріне, басып шығару бастарына немесе HP LaserJet басып шығару картридждеріне олар арнайы НР компаниясының немесе өкілетті кешенді жабдық өндірушісінің (ОЕМ) басып шығару құрылғысымен пайдаланылғанда қатысты болып табылады.


Өтемақы алу құқығының жалғыз құралы

ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ШЕКТЕ ОСЫ МЕРЗІМДЕР МЕН ШАРТТАР СІЗ САТЫП АЛҒАН НЕМЕСЕ ЖАЛҒА АЛҒАН НР АППАРАТТЫҚ ӨНІМІНЕ ҚАТЫСТЫ СІЗ БЕН НР КОМПАНИЯСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ТОЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАЛҒЫЗ КЕПІЛДІК КЕЛІСІМІН ҚҰРАЙДЫ. ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ШЕКТЕ ОСЫ МЕРЗІМДЕР МЕН ШАРТТАР НР КОМПАНИЯСЫ НЕМЕСЕ ОНЫҢ ӨКІЛЕТТІ АРАЛЫҚ САТУШЫЛАРМЕН ЖЕКЕ ЖАЗБАША КЕЛІСІМ БӨЛІГІНДЕГІДЕН БАСҚА, НР АППАРАТТЫҚ ӨНІМІН САТЫП АЛУЫҢЫЗҒА НЕМЕСЕ ЖАЛҒА АЛУЫҢЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАСАЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН БҰРЫНҒЫ КЕЛІСІМДЕРДІҢ, ЖАРНАМАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ НР ЖАРНАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРЫНДА ЖАСАЛҒАН МӘЛІМДЕМЕЛЕРДІ НЕМЕСЕ НР КОМПАНИЯСЫ, АГЕНТІ НЕ НР ҚЫЗМЕТКЕРІ НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН НР КОМПАНИЯСЫНАН ТЫС АГЕНТ НЕ ҚЫЗМЕТКЕР БЕРГЕН КЕҢЕСТІ ҚОСА ЕСЕПТЕГЕНДЕ, БАСҚА ДА МӘЛІМДЕМЕЛЕРДІҢ КҮШІН ЖОЯДЫ. НР шектеулі кепілдігінің шарттарына енгізілген өзгерістер жазбаша түрде жасалып, НР компаниясының өкілетті өкілінің қолтаңбасымен расталмайынша жарамды болмайды.


Жауапкершілік шектеуІ

Кейбір аймақтарда немесе елдерде ұйғарынды кепілдіктерді қоспауға не шектеуге және арнайы, кездейсоқ немесе салдар ретінде туындаған зақымдарды (төменде берілген) шектеуге рұқсат берілмейді, сондықтан ондай шектеулер мен ерекшеліктерді сізге қатысты қолдану шектелуі мүмкін. КЕЛЕСІДЕЙ ШЕКТЕУЛЕР ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ШЕКТЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ. НР КОМПАНИЯСЫ ӨЗ ТАҢДАУЫНША ӨТЕМАҚЫНЫ НЕМЕСЕ HP.COM ВЕБ-САЙТЫНДА ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ӨНІМДІ АУЫСТЫРУ КАРТАСЫН ҰСЫНҒАН ЖАҒДАЙДА, ОСЫ НР ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІК АЯСЫНДА НР КОМПАНИЯСЫНЫҢ МАКСИМАЛДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ НР АППАРАТТЫҚ ӨНІМІ ҮШІН СІЗ ТӨЛЕГЕН БАҒАМЕН ТІКЕЛЕЙ ШЕКТЕЛЕДІ. ЖОҒАРЫДА КӨРСЕТІЛГЕН ЖАҒДАЙДЫ ҚОСПАҒАНДА, НР КОМПАНИЯСЫ АЛЫНБАЙ ҚАЛҒАН ПАЙДА НЕМЕСЕ ЖИНАҚТАРДЫ, ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІН ЖОҒАЛТУДЫ, ДЕРЕКТЕРДІ НЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАЛАРДЫ ЖОҒАЛТУДЫ НЕМЕСЕ ӨНІМДЕ САҚТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БАҒДАРЛАМАНЫ НЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ, БАҒДАРЛАМАЛАУ НЕМЕСЕ ҚАЙТА ӨНДІРУ ШЫҒЫНДАРЫН ҚОСА ЕСЕПТЕГЕНДЕ, НР АППАРАТТЫҚ ӨНІМІНЕН ТУЫНДАҒАН ЗИЯНДАР ҮШІН, НР АППАРАТТЫҚ ӨНІМІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙ ҚАЛУЫ ҮШІН НЕМЕСЕ АРНАЙЫ, КЕЗДЕЙСОҚ НЕМЕСЕ САЛДАР РЕТІНДЕ ТУЫНДАҒАН ЗИЯНДАР ҮШІН ЕШБІР ЖАҒДАЙДА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ. НР КОМПАНИЯСЫ ҮШІНШІ ТАРАП ЖАСАҒАН НЕМЕСЕ СІЗДІҢ ҮШІНШІ ТАРАП ҮШІН ЖАСАҒАН ҚУЫНЫМ ТАЛАБЫ ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ. НР КОМПАНИЯСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢ БОЙЫНША ӨЗІНІҢ МІНДЕТТЕРІН ОРЫНДАУЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ПАЙДА БОЛУЫ МҮМКІН ЗИЯНДАР ҮШІН ЖАУАПТЫ ЕМЕС. БҰЛ ЖАУАПКЕРШІЛІК ШЕКТЕУІ ОСЫ НР ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІГІ НЕГІЗІНДЕ ЗИЯНДАРДЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУ ТАЛАП ЕТІЛГЕНДЕ НЕМЕСЕ ҚУЫНЫМ БЕРІЛГЕНДЕ НЕМЕСЕ ДЕЛИКТ ТАЛАБЫ (АБАЙСЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ӨНІМ ҮШІН ҚАТАҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҚОСА АЛҒАНДА), КЕЛІСІМ ТАЛАБЫ НЕМЕСЕ БАСҚА ТАЛАП РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ. БҰЛ ЖАУАПКЕРШІЛІК ШЕКТЕУІНІҢ КҮШІН ЕШКІМ ЖОЯ АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОҒАН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗЕ АЛМАЙДЫ. ОСЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ШЕКТЕУІНІҢ КҮШІ ТІПТІ НР КОМПАНИЯСЫ НЕМЕСЕ НР КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ӨКІЛІ МҰНДАЙ ЗИЯНДАРДЫҢ БОЛУЫ МҮМКІНДІГІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТКЕН ЖАҒДАЙДА ДА ЖОЙЫЛМАЙДЫ. АЛАЙДА БҰЛ ЖАУАПКЕРШІЛІК ШЕКТЕУІ ДЕНЕ ЖАРАҚАТЫ ҮШІН ТАЛАПТАРҒА ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ.


ОСЫ НР ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІГІ СІЗГЕ БЕЛГІЛІ БІР ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРДЫ БЕРЕДІ. СОНДАЙ-АҚ СІЗ АЙМАҚҚА НЕ ЕЛГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТҮРЛЕНЕТІН БАСҚА ДА ҚҰҚЫҚТАРҒА ИЕ БОЛУЫҢЫЗ МҮМКІН. ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ТОЛЫҒЫМЕН АНЫҚТАУ ҮШІН АЙМАҚТЫҢ НЕ ЕЛДІҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДАРЫН ҚАРАУ ҰСЫНЫЛАДЫ.

5

HP опциялары мен керек-жарақтарына шектеулі кепілдік

НР маркалы опциялар мен керек-жарақтар (осы НР шектеулі кепілдігі бойынша бірлесіп "НР опциясы" деп аталады) бойынша Нр шектеулі кепілдік мерзімдері мен шарттары НР опциясына қолданылатын НР шектеулі кепілдігінде қарастырылған және НР аппараттық өніміне кіреді. Егер НР опциясы Нр аппараттық өніміне орнатылған болса, НР компаниясы НР опциясымен бірге жеткізілген кепілдік құжаттарында көрсетілген мерзім шегінде (НР опциясына шектеулі кепілдік мерзімі) немесе НР опциясы орнатылған НР аппараттық өніміне кепілдіктің қалған мерзімі шегінде (қай мерзім ұзарғырақ болса, сол мерзім жарамды), бірақ НР опциясын сатып алған күннен бастап үш (3) жылдамаспайтын мерзім шегінде кепілдік бойынша қызмет көрсетеді. НР опциясына шектеулі кепілдік мерзімі НР компаниясынан немесе НР өкілетті аралық сатушысынан сатып алу күнінен басталады. НР опциясын сатып алу күнін көрсететін күні белгіленген сату немесе тауарды алу туралы қолхат кепілдіктің күшіне ену күні болып табылады. Толық мәліметтерді НР опциясына шектеулі кепілдіктен қараңыз. Заңмен рұқсат етілген шекте НР өндірмеген опциялар "бар күйінде" беріледі. Алайда НР емес өндірушілер мен жабдықтаушылар тікелей өзіңізге кепілдіктерді ұсынуы мүмкін.


6

Дисплейлер

Электрондық ақпараттық табло дисплейі

Осы шектеулі кепілдікте қабырғаға бекітілетін немесе арнайы орнатылатын электрондық ақпараттық табло дисплейін шешіп алу немесе қайта орнату қызметі қарастырылмайды. Осы шектеулі кепілдікте дисплейді қабырғаға немесе басқаша арнайы орнатудың немесе дисплейді шешіп алудың нәтижесінде алынған зақым қарастырылмайды. HP компаниясы дисплейді қабырғаға немесе басқаша арнайы орнату немесе шешіп алу үшін білікті орнатушы қызметіне жүгінуді ұсынады. Егер НР компаниясы электрондық ақпараттық табло дисплейінің мәселесін қашықтан шешу мүмкін еместігін анықтаса, HP компаниясы ауыстырмалы өнімді тікелей өнімге жеткізеді. HP компаниясы жабдықты орап, НР компаниясына қауіпсіз түрде қайтару үшін курьерлік қызметті қамтамасыз ету арқылы барлық тасымалдау және сақтандыру шығындарын өз мойнына алады. Ақауланған жабдықты дұрыс қайтармау НР компаниясының тұтынушыға ауыстырмалы өнім үшін есепшот ұсынуына себеп болады.


Мониторлар

Барлық мониторлар статикалық, қозғалмайтын немесе бекітілген кескіндерді көрсететін қолданбалар үшін жарамсыз. Статикалық кескінде экранда дақтар немесе су белгілері түрінде пайда болатын қалдық кескін зақымын туғызуы мүмкін. Осы НР шектеулі кепілдігі статикалық, қозғалмайтын немесе бекітілген кескіндерді көрсететін қолданбалар үшін ұзақ уақыт бойы немесе күніне 24 сағат пайдаланылып, қалдық кескін зақымына әкелетін мониторларды қарастырмайды. Қалдық кескін зақымын болдырмау үшін, монитор пайдаланылмаған кезде оны өшіріп қойыңыз немесе жүйеңізде қолдау көрсетілсе, жүйе әрекетсіз күйде болған кезде дисплейді өшіру үшін, қуатты басқару параметрін пайдаланыңыз.


Мультимедиялық монитор мен ДК жинағына ілеспе кепілдік

Егер мультимедиялық мониторды дербес компьютермен бірге өнім жинағының бөлшегі (жалғыз қоймада сақтау бірлігі ретінде сатып алынған) ретінде сатып алсаңыз, мультимедиялық мониторға кепілдік мерзімінің ұзақтығы жергілікті заңмен рұқсат етілген шекте дербес компьютерге кепілдік мерзімінің ұзақтығымен бірдей болады. Толық мәліметтерді алу үшін, дербес компьютерге кепілдіктің мәлімдемесін тексеріп шығыңыз..

7

Тұтынушы жауапкершіліктері

НР шектеулі кепілдігінде қамтылмаған мәселелер (НР аппараттық өнімдерінің материалдарындағы және жасалуындағы ақаулықтар есебінен туындамаған мәселелер) үшін ақы төлеу қаупінің алдын алу үшін, сізден НР компаниясына немесе НР өкілетті қызмет провайдеріне келесідей жолмен жәрдемдесу сұралады:


  • Кепілдік бойынша талапты толтырған кезд шын, дәлі және толық ақпаратты жазу.
  • Өнімдерді тот басудан, ластанудан және сұйықтық төгілуден қорғауды қоса есептегенде, НР талаптарына сай келетін ортаны қаматмасыз ету. Мысалы, тот басуға қатысты НР талаптарына сай келу үшін, қоршаған ортада күміс пен мыс бойынша айына коррозияның 300 ангстремінен артық шығарылмауы қажет. 1
  • Конфигурацияларды тексеру, ең соңғы микробағдарламаларды жүктеу, бағдарламалық жасақтама түзетулерін орнату және НР диагностикасы мен утилиталарын іске қосу.
  • НР компаниясы ақырғы шешімдер бойынша жұмыс істеп жатқан кезде НР компаниясы ұсынған уақытша процедураларды немесе уақытша шешімдерді жүзеге асыру.
  • Қолдануға болатын жерде НР қашықтан қолдау көрсету шешімдерін пайдалану. НР компаниясы НР ұсынған қолжетімді қолдау көрсету технологияларын пайдалануды қатаң түрде ұсынады. Егер қашықтағы қолжетімді қолдау көрсету мүмкіндіктерін пайдаланбауды ұйғарсаңыз, қолдау көрсету ресурсы талаптарының артуына байланысты қосымша шығыстар сізге жүктелуі мүмкін.
  • Мәселені шешуге тырысуда әңгімелесу, электрондық пошта немесе телефон арқылы НР компаниясымен бірігіп жұмыс істеу. Оған күнделікті диагностикалық процедураларды орындау, қосымша бағдарламалық жасақтама жаңартуларын немесе түзетулерін орнату, үшінші тарап опцияларын жою және/немесе опцияларды ауыстыру жатуы мүмкін.
  • HP компаниясы .ықтимал ақаулықтар, өзгерістер немесе жоғалтудың алдын алу бойынша сақтық шара ретінде қатты дискіде немесе басқа сақтау құрылғыларында сақталған файлдардың, деректердің немесе бағдарламалардың резервтік көшірмелерін мерзімді түрде жасап тұруды ұсынады. Қандай да бір НР аппараттық өнімін кепілдік бойынша қызмет көрсету немесе жөндеу үшін қайтарар кезде, файлдар, деректер және бағдарламалардың резервті көшірмесін жасап алып, барлық құпия, коммерциялық құпия болып табылатын немесе жеке ақпаратты жойыңыз.
  • Жөндеу немесе ауыстыру процесі кезінде жоғалуы мүмкін сыртқы опцияларды немесе керек-жарақтарды алып тастау.
  • Төменде сипатталған кепілдік бойынша қызметтің әрбір түрінде анықталғандай, қосымша тапсырмаларды және кепілдік бойынша қолдау көрсету үшін НР компаниясы негізді түрде сұрауы мүмкін кез келген басқа әрекеттерді орындау.
  • HP LaserJet басып шығару картриджеріне кепілдік бойынша қызмет алу үшін, өнімді сатып алу орнына ақаулықтың жазбаша сипаттамасымен және баспа үлгілерімен бірге қайтару немесе НР тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласу.

* НР талаптары 1985 жылғы ISA-71.04 "Процесті өлшеу дәне басқару жүйелерінің қоршаған орта шарттары: ауадағы ластаушы заттар" стандарында сипатталғандай, ISA G1 (жеңіл) талаптарына негізделген. Бұл ISA (Халықаралық Автоматтандыру Қоғамы) стандарты http://www.isa.org. веб-сайтында қолжетімді. Өнімдер ISA G1 (жеңіл) орталарында пайдаланылған кезде, тот басу жабдық сенімділігінің факторы болмауы тиіс.

8

Жабдыққа кепілдік бойынша қызмет көрсету түрлері

Сатып алынған НР аппараттық өніміне қолданылатын кепілдік бойынша қолдау көрсету қызметінің түрлері төменде сипатталған. Барлық қызметтер елдер мен аймақтардың барлығында қолжетімді бола бермейді. КЕЛЕСІ КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕР МЕН ШАРТТАР НЕМЕСЕ ОЛАРДЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР БӨЛІГІ ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢҒА ҚАЙШЫ КЕЛГЕН ЖАҒДАЙДА КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕР МЕН ШАРТТАР НЕМЕСЕ ОЛАРДЫҢ ТИІСТІ БӨЛІГІ АТАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢҒА СӘЙКЕС КЕЛЕТІНДЕЙ ЕТІП ӨЗГЕРТІЛДІ ДЕП САНАЛАДЫ.


Тұтынушының өз бетінше жөндеуіне кепілдік бойынша қызмет көрсету

Жөндеу уақытын барынша азайту үшін және ақауланған бөлшектерді ауыстыруда едәуір икемділік танытуға мүмкіндік беру үшін, НР аппараттық өнімдері тұтынушы өз бетінше жөндей алатын (CSR) көптеген бөлшектерден құрастырылған. Егер диагностикалық мерзім барысында НР компаниясы жөндеуді CSR бөлшегін пайдалану арқылы орындауға болатынын анықтаса, НР компаниясы ауыстыру үшін сол бөлшекті тікелей өзіңізге жібереді. CSR бөлшектерінің екі санаты бар:

  • Тұтынушының өз бетінше жөндеуі міндетті болатын бөлшектер — Егер НР компаниясынан немесе НР өкілетті қызмет провайдерінен осындай бөлшектерді ауыстырып беруді сұрасаңыз, осы қызмет үшін жол жүру және еңбек шығындары сізге жүктеледі.
  • Тұтынушының өз бетінше жөндеуі міндетті емес болатын бөлшектер—Мұндай бөлшектер де тұтынушының өз бетінше жөндеуіне арналған. Алайда егер НР компаниясынан немесе НР өкілетті қызмет провайдерінен бөлшекті ауыстырып беруді талап етсеңіз, НР аппараттық өніміңізге арналған кепілдік бойынша қызмет түрі негізінде сізден қосымша ақы алынауы мүмкін.

Сізден мәселені шешуге тырысуда әңгімелесу, электрондық пошта немесе телефон арқылы НР компаниясымен немесе НР өкілетті қызмет провайдерімен бірігіп жұмыс істеу сұралады. Оған күнделікті диагностикалық процедураларды орындау, бағдарламалық жасақтама жаңартуларын немесе түзетулерін орнату, үшінші тарап опцияларын жою және/немесе опцияларды ауыстыру жатуы мүмкін. Егер көмек қажет болса, НР техникалық қолдау көрсету орталығына хабарласуыңызға болады. Техник-маман сізге желіде әңгімелесу, электрондық пошта немесе телефон арқылы көмектеседі. Ауыстырмалы CSR бірге жеткізілген НР құжаттамасында қолданыста жергілікті заңмен басқаша белгіленбейінше, ақауланған бөлшекті НР компаниясына қайтару немесе қайтармау керектігі көрсетіледі. Ақауланған бөлшекті НР компаниясына қайтару талап етілген жағдайларда, ақауланған бөлшекті белгіленген мерзімі ішінде, әдетте бес жұмыс күнінен (5) он бес (15) жұмыс күніне дейінгі аралық ішінде НР компаниясына жіберуіңіз қажет. Ақауланған бөлшекті тиісті құжаттарымен бірге жеткізілген тасымалдау материалына орап қайтару қажет. Ақауланған бөлшекті дұрыс қайтармау НР компаниясының сізге ауыстыру үшін есепшот ұсынуына себеп болады. Тұтынушының өз бетінде жөндеуі жағдайында НР компаниясы бөлшекті жіберу және қайтару шығындарын ө мойнына алады және курьерді/тасымалдау агенттігін анықтайды. CSR бөлшектерінің сыныптамасы елге немесе аймаққа байланысты түрленуі мүмкін.


Қосымша жабдықтарды ауыстыруға кепілдік бойынша қызмет көрсету

НР шектеулі кепілдігінде қосымша жабдықтарды ауыстыруға кепілдік бойынша қызмет кіруі мүмкін. Қосымша жабдықтарды ауыстыруға кепілдік бойынша қызмет көрсету шарттарына сәйкес, НР компаниясы сатып алынған НР аппараттық өніміне ақауланды деген диагностика жасалған жағдайда ауыстырмалы жабдықты сізге тікелей жібереді. Ауыстырмалы жабдықты алған кезде, сізден ақауланға НР аппараттық өнімін ауыстырмалы жабдықпен бірге жеткізілген қаптамада белгіленген уақыт мерзімінде, әдетте бес күннен (5) он бес (15) күнге дейінгі аралық ішінде қайтару талап етілуі мүмкін. НР компаниясы ақауланған НР аппараттық өнімін НР компаниясына қайтару үшін кеткен тасымалдау және сақтандыру шығындарын өз мойнына алады. Ақауланған НР аппараттық өнімін дұрыс қайтармау НР компаниясының сізге ауыстыру үшін есепшот ұсынуына себеп болады. НР компаниясы қосымша жабдықтарды ауыстыру қызметін стандартты жұмыс сағаттары ішінде көрсетеді. Стандартты жұмыс сағаттары әдетте 8:00-ден 17:00-ге дейін (08:00 - 17:00), дүйсенбіден жұмаға дейінгі мерзімді құрайды, бірақ жергілікті жұмыс тәжірибелеріне байланысты өзгешеленуі мүмкін. Логистикалық шектеулерге және жақын HP қызмет көрсету орны не HP өкілетті қызмет көрсету провайдерінің арақашықтығына байланысты жауап беру уақыты өзгеруі немесе қосымша ақы алынуы мүмкін.


Ең жақын HP қызмет көрсету орындарының не HP өкілетті қызмет көрсету провайдерінің телефон нөмірлерін және кейбір жағдайларда карталарын табу үшін, http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact.htmlсілтемесі бойынша орналасқан НР веб-торабын қараңыз.


Өзі тасымалдау және қайтаруға кепілдік бойынша қызмет көрсету

НР шектеулі кепілдігінде өзі тасымалдау және қайтаруға кепілдік бойынша қызмет көрсету қамтылуы мүмкін. Өзі тасымалдау және қайтару қызметінің шарттарына сәйкес, НР компаниясы ақауланған НР аппараттық өнімін сіздің тұрғылықты мекенжайыңыздан алып кетіп, оны жөндейді де, қайтадан сізге қайтарады. HP компаниясы осындай қызмет үшін кеткен барлық жөндеу, логистика және сақтандыру шығындарын өз мойнына алады.


Тасымалдауға кепілдік бойынша қызмет көрсету

Жергілікті заңмен рұқсат етілген шекте НР шектеулі кепілдігінде тасымалдауға кепілдік бойнша қызмет көрсету қамтылуы мүмкін. Тасымалдау қызметінің шарттарына сәйкес, сізден кепілдік бойынша жөндеу үшін НР аппараттық өнімін НР өкілетті қызмет көрсету орнына жеткізу талап етілуі мүмкін. НР аппараттық өнімін қызмет көрсету орнына және кері қарай тасымалдауға қатысты тасымалдау төлемдеріе, салықтарды немесе баждарды алдын ала төлеуіңіз қажет. Сіз НР аппараттық өнімінің НР өкілетті қызмет көрсету орнына жеткізілуін немесе қайтарылуын қаматмасыз ету үшін жауаптысыз және тасымалдау кезінде зиян қаупін сіз бағалайсыз.


Пошта арқылы жіберуге кепілдік бойынша қызмет көрсету

Жергілікті заңмен рұқсат етілген шекте осы НР шектеулі кепілдігінде пошта арқылы жіберуге кепілдік бойнша қызмет көрсету қамтылуы мүмкін. Пошта арқылы жіберу қызметінің шарттарына сәйкес, сізден кепілдік бойынша жөндеу үшін НР аппараттық өнімін НР өкілетті қызмет көрсету орнына жіберу талап етілуі мүмкін. НР аппараттық өнімін қызмет көрсету орнына тасымалдауға қатысты тасымалдау төлемдеріе, салықтарды немесе баждарды алдын ала төлеуіңіз қажет. Сіз кез келген жіберген НР аппараттық өнімді сақтандыру үшін жауаптысыз және атсымалдау кезіндегі зиян қаупін сіз бағалайсыз. HP компаниясы жөнделген НР аппараттық өнімін сізге қайтарады және барлық логистикалық және сақтандыру шығындарын өз мойнына алады.


Өткізу және қайтаруға кепілдік бойынша қызмет көрсету

Жергілікті заңмен рұқсат етілген шекте НР шектеулі кепілдігінде өткізу және қайтаруға кепілдік бойнша қызмет көрсету қамтылуы мүмкін. Өткізу және қайтару қызметінің шарттарына сәйкес, НР компаниясы өз есебінен сізге НР аппараттық өнімін НР комнаиясына қызмет көрсету мақсатында жіберу үшін қаптаманы жібереді. Сіз НР аппараттық өнімін НР компаниясына тасымалдау үшін ақы мен тасымалдауды сақтандыру үшін жауаптысыз. Шет елден тасымалдау мен қатысты шығыстар бойынша НР компаниясымен келісіп алуыңызға болады. Америка Құрама Штаттарында шығыстар туралы қосымша ақпарат пен нұсқаулар алу үшін, 1-800-474-6836 (800-HP-құрған) телефон нөміріне хабарласыңыз немесе басқа елдердегі НР қолдау көрсету орталықтарының нөмірлерін табу үшін, http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact.html веб-торабына өтіңіз. Сондай-ақ өз бетіңізше курьерді таңдап, тасымалдау шығыстарын төлеуіңізге болады. Егер курьерді өз бетіңізше таңдасаңыз, қызмет көрсету орнына жеткізілетін әрбір НР аппараттық өнімін сақтандыру үшін жауапты боласыз және тасымалдау кезіндегі зиян қаупін бағалайсыз. НР компаниясы НР аппараттық өнімін жөндеп, сізге қайтарады. НР компаниясы жөнделген НР аппараттық өнімін жөндеу және жеткізу бойынша барлық шығыстарды өз мойнына алады.


Орны бойынша кепілдік қызметін көрсету

НР шектеулі кепілдігіне орны бойынша кепілдік қызметін көрсету кіруі мүмкін. Орны бойынша қызмет көрсету шарттарына сәйкес, НР компаниясы жеке қалауы бойынша НР аппараттық өніміндегі ақауды төмендегідей жолмен жөндеуге болатынын не болмайтынын анықтай алады:


  • қашықтан
  • CSR бөлшегін пайдалану арқылы
  • ақаулы НР аппараттық өнімі орналасқан жерден қызмет көрсету орталығына қоңырау шалу арқылы.

HP компаниясы ақаулықты жөндеу үшін орны бойынша қызмет көрсетуге қоңырау шалу қажеттігін біржола анықтаған жағдайда, сатып алынған HP аппараттық өнімі үшін басқаша көрсетілмесе қоңырау шалу стандартты жұмыс сағаты барысында жоспарланады. Стандартты жұмыс сағаттары әдетте 8:00-ден 17:00-ге дейін (08:00 - 17:00), дүйсенбіден жұмаға дейінгі мерзімді құрайды, бірақ жергілікті жұмыс тәжірибелеріне байланысты өзгешеленуі мүмкін. Тасымалдау бойынша шектеулерге және жақын HP қызмет көрсету орны не HP өкілетті қызмет көрсету провайдерінің арақашықтығына байланысты жауап беру уақыты өзгеруі немесе қосымша ақы алынуы мүмкін. Ең жақын HP қызмет көрсету орындарының не HP өкілетті қызмет көрсету провайдерінің телефон нөмірлерін және кейбір жағдайларда карталарын табу үшін, http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact.html сілтемесі бойынша орналасқан НР веб-торабын қараңыз. Орны бойынша қызмет алу үшін, мына шарттар орындалуы қажет:

  • HP компаниясы сіз орналасқан кепілдік бойынша қызмет көрсеткен кезде өкілетті өкіл болуы қажет;
  • HP аппараттық өнімі HP қызметкерлерінің не мердігерлерінің денсаулығына не қауіпсіздігіне потенциалды қауіп төндіретін қоршаған ортада қолданылатын болса, HP компаниясына ескертіңіз;
  • НР компаниясының қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша орынды талаптарына сәйкес, HP компаниясына оның дер кезінде қолдау көрсетуі үшін қажет деп анықталған барлық жабдықтарға, ақпаратқа жүйелерге жеткілікті, еркін және қауіпсіз қатынасуын және пайдалануын қамтамасыз етуіңіз қажет;
  • өндірушінің барлық жапсырмалары (мысалы, сериялық нөмірлері) орнында, қолжетімді және анық оқылатынын қамтамасыз етуіңіз қажет;
  • қоршаған ортаның өнім сипаттары мен қолдау көрсетілетін конфигурацияларға сәйкес болуын қамтамасыз етуіңіз қажет.
9

Ауыстыруға кепілдік бойынша қызмет көрсету

HP шектеулі кепілдігінде ауыстыруға кепілдік бойынша қызмет көрсету қамтылуы мүмкін. Ауыстыруға кепілдік бойынша қызмет көрсету талаптарына сәйкес, HP компаниясы сіздің тұрғылықты мекенжайыңыздан ақаулы құрылғыны алып, жаңасына баламалы ауыстырмалы жабдықты тікелей өзіңізге әкеледі. HP компаниясы осындай қызмет үшін кеткен барлық жөндеу, логистика және сақтандыру шығындарын өз мойнына алады.


10

Жауап беру уақыттары

Жауап беру уақыттары қызмет көрсету сұралған орындағы жергілікті стандартты жұмыс күндері мен сағаттарына негізделген. Басқаша көрсетілмесе, HP компаниясы қолдау көрсетуді орындау үшін екі жаққа қолайлы уақытты орнатпайынша немесе HP компаниясы қолдау көрсету не қашықтан диагностикалауды қамтамасыз етуді бастамайынша, барлық жауаптар түпкілікті тұтынушы қоңырау шалған уақыттан бастап есептелінеді. Қолжетімді болса, келесі жұмыс күні кепілдік бойынша қызмет көрсетуді қосқанда жауап беру уақыттары коммерциялық тұрғыдан орынды әрекеттерге негізделген. Кейбір мемлекеттерде және жабдықтаушылардың нақты шектеулеріне байланысты жауап беру уақыты өзгешеленуі мүмкін. Сіздің тұрғылықты мекенжайыңыз тұтынушыларға қызмет көрсету аймағынан тыс жерде орналасса, жауап беру уақыты ұзақ болуы не қосымша ақы алуы мүмкін. Аймағыңыздағы жауап беру уақытының қолжетімділігі үшін HP өкілетті аралық сатушысына не HP өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.


11

Қызмет көрсету жаңартулары

HP компаниясы жергілікті сатып алуға болатын HP аппараттық өнімі үшін қосымша қолдау және қызмет көрсету уақытының ауқымына ие. Алайда, кейбір қолдау көрсету және ілеспе өнімдер барлық мемлекеттерде қолжетімді болмауы мүмкін. Қызмет көрсету жаңартуларының қолжетімділігі және бағасы туралы ақпарат алу үшін, http://www.hp.com/go/lookuptool/ веб-торабындағы HP қызметтік бумаларын іздеу құралын қараңыз.


12

Қамтылған бағдарламалық жасақтама

HP марка атауы бойынша HP компаниясымен үлестірілетін немесе HP аппараттық өнімінде қамтылған бағдарламалық жасақтамағы қатысты HP компаниясының міндеттері қолданыстағы соңғы пайдаланушыға арналған лицензияда не бағдарламалық жасақтамамен қамтамасыз етілген бағдарламаның лицензиялық келісімінде берілген. Жергілікті заңмен рұқсат етілген шекте, сатып алған күннен бастап тоқсан (90) күннің ішінде HP компаниясының бағдарламалық жасақтаманы үлестіретін алынбалы құрал материалдарында немесе жасалуында ақаулық болса, бұл мәселені шешудің жалғыз жолы алынбалы құралды HP компаниясына ауыстыру үшін қайтару болады. Кепілдік қызметі үшін, HP емес өндірушілерге не жабдықтаушыларға хабарласу сіздің жауапкершілігіңіз болып табылады.


13

Тегін шектеулі техникалық қолдау көрсету

Алғашқы орнату қызметін қосқанда, HP аппараттық өнімі, HP бағдарламалық жасақтамасы, HP алдын ала орнатылған үшінші тараптың бағдарламалық жасақтамасы және HP компаниясынан сатып алынған үшінші тараптың бағдарламалық жасақтамасына тегін шектеулі техникалық қолдау көрсету электронды тасушы құрал мен телефонды қосқанда бірнеше байланысу әдісі арқылы HP компаниясынан сатып алған күннен бастап тоқсан (90) күннің ішінде қолжетімді. Онлайн режимдегі ресурстар мен телефон арқылы қолдау қызметі үшін "HP компаниясына хабарласу" бөлімін қараңыз. Осыған қызмет бойынша кез-келген шектеулер Түпкілікті пайдаланушыға арналған лицензия (EULA) ішінде көрсетіледі.


Қолдау көрсетуге төмендегі қызметтер кіреді:

  • орнату бойынша сұрақтарыңызға (басты шарттар, алғашқы қадамдар және негізгі "әдістер" ақпараты) жауап беру;
  • HP ақпараттық өнімімен қамтамасыз етілген не сатып алынған бағдарламалық жасақтаманы не опцияларды орнату әдістері мен алғашқы қадамдары (жүйені оңтайландыру, теңшеу және желі конфигурациясын қоспағанда);
  • жүйенің қате туралы хабарламаларын түсіну;
  • жүйе ақаулықтары мен бағдарламалық жасақтаманы пайдалану мәселелерін оқшаулау;
  • HP ақпараттық жабдықтарымен бірге қамтамасыз етілген не сатып алынған бағдарламалық жасақтама үшін HP Care Pack қызметтік бумаларын не жаңартуларын алу.

Қолдау көрсетуге төмендегі қызметтер КІРМЕЙДІ:

  • пайдаланушы құрған бағдарламалар не ресурс кодтарын құру және диагностикалау;
  • бөлек сатып алынған HP емес бағдарламалық жасақтамасын орнату;
  • жүйені оңтайландыру, теңшеу және желіні конфигурациялау.

Тегін және ашық қоды бар операциялық жүйелер мен қолданбалар

HP компаниясы операциялық жүйелер мен қолданбаларды қосқанда қолжетімді лицензия бойынша үшінші тарап (тегін және ашық қоды бар бағдарламалық жасақтама) арқылы қамтамасыз етілген бағдарламалық жасақтама үшін техникалық қолдау көсетпейді. HP аппараттық өнімдерімен берілетін тегін және ашық қоды бар бағдарламалық жасақтамаға техникалық қолдау көрсету тегін немесе ашық қоды бар бағдарламалық жасақтама жеткізушісі арқылы қамтамасыз етіледі. Қолдау көрсету бойынша байланыс ақпараты үшін, тегін немесе ашық қоды бар операциялық жүйе не қолданба анықтамасы, құжаттама немесе HP аппараттық өнімімен бірге қамтылған басқа қолданбаға қолдау көрсету мәлімдемесін қараңыз.


14

Кепілдік пен қолдау көрсету құқығын тексеру әдісі

Кепілдік құқығын өнім үлгісінің нөмірі мен сериялық нөмірін http://www.hp.com/go/warrantycheckсілтемесі бойынша орналасқан веб-торапқа енгізу арқылы тексеруіңізге болады.

HP Care Pack қызметтерін тіркеуді http://www.hp.com/go/cpc сілтемесі бойынша орналасқан веб-тораптағы Care Pack Central қызметінде тексеруіңізге болады.


15

HP компаниясына хабарласу

Шектеулі кепілдік мерзімі барысында HP аппараттық өнімінің материалдарында немесе жасалуында ақаулық анықталған болса және өнім құжаттамасындағы ұсыныстар мәселені шешпесе, қолдау көрсетуді төмендегі әдістердің бірі арқылы алуыңызға болады:

  • Қосымша қолдау көрсету мен ақаулықты жою ақпаратын немесе жаңартылған бағдарламалық жасақтаманы не драйверді http://www.hp.com/support сілтемесі бойынша орналасқан HP қолдау көрсету веб-торабынан іздеу
  • Ең жақын HP қызмет көрсету орындарын http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact.html сілтемесі бойынша орналасқан веб-торап арқылы іздеу және хабарласу
  • HP өкілетті аралық сатушысына не HP өкілетті қызмет көрсету провайдеріне хабарласу HP компаниясына не HP өкілетті қызмет көрсету провайдеріне хабарласудың алдында төмендегі ақпарат қолжетімді болуы тиіс:
    • Өнімнің сериялық нөмірі, үлгі атауы мен өнім үлгісінің нөмірі
    • Қолдануға болатын қате хабарламалар
    • Қосымша құрылғы опциялары
    • Операциялық жүйе
    • Үшінші тарап жабдығы немесе бағдарламалық жасақтамасы
    • Нақты сұрақтар

© Copyright 2016 HP Development Company, LP


Осы құжаттағы ақпарат ешқандай ескертусіз өзгертілуі мүмкін. НР өнімдері мен қызметтеріне кепілдіктер тек осындай өнімдер мен қызметтерге ілеспе тікелей кепілдік мәлімдемелерінде бекітілген. Осы құжатта ешнәрсе қосымша кепілдік ретінде түсінілмеуі қажет. НР компаниясы осы құжатта жіберілген техникалық немесе редакциялық қателер мен олқылықтар үшін жауап бермейді.


Бірінші редакция: Ақпан 2016 ж.

764442-001

Back to top